Жамбыл облысынан Әулиекөлге гуманитарлық көмек жөнелтті
Жамбыл облысынан Әулиекөлге гуманитарлық көмек жөнелтті
1,353
оқылды
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы тілсіз жау толығымен ауыздықталғанымен салдары жойылған жоқ. Табиғи апатты қалпына келтіру жұмыстары мен ондағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шараларын «AMANAT» партиясы жүзеге асыруда.      width=   Бұл ретте  партия филиалдары жанынан құрылған гуманитарлық көмек қабылдау пунктеріне өңірдегі партия белсенділері, этно-мәдени бірлестіктер, депутаттар, кәсіпкерлер мен «Тараз» футбол клубының өкілдері   қажетті азық-түлік, тұрмыстық техника, құрал-саймандар және құрылыс материалдарын жинауға үлестерін қосуда.  Сондай-ақ, облыс және қала тұрғындары да игі шарадан қалыс қалған жоқ.    width= Партияның барлық филиалдарының атсалысуымен Жамбылдан Қостанай облысына жалпы сомасы 21 миллион теңгені құрайтын 70 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жолданды. Оның  ішінде құрылыс жүргізу үшін құрал-саймандар, 10 тонна гипс, 10 тонна цемент және балалар үшін мектепке қажетті заттар бар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана қазақ. Жамбылдықтар осылайша, аз күннің ішінде жұдырықтай жұмылып, бірліктің үлгісін көрсетті.