Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады
Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады
Фото: mobillegends.net
960
оқылды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады. Бастама inform.kz-тің жазуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бар.
«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мейрам санатынан алып тастауды бірауыздан мақұлдады. Осылайша, 25 қазан – Республика күні болып қайта бекітілді. Ұлттық мереке мемлекеттік мейрам болып саналады.