БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың мәйіті табылды
БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың мәйіті табылды
308
оқылды
БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz 2022 жылғы 8 тамызда сағат 22:00 шамасында Бәйтерек ауданында жеке үйдің ауласындағы Мир маркалы тоңазытқыштан 5 жасар баланың зорлықпен өлім белгілері жоқ мәйіті табылды. Баланың денесін анасы тапқан. Әйелдің айтуынша, оның үш баласы көшеде ойнап жүрген. Бірақ кешке қарай үйге екеуі ғана оралған. Мұны білген әйел бір сағат бойы аудан бойынша кіші ұлын іздеген. Кейін үйінің ауласына кіріп, ескі жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіннің денесін тапқан. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде баланың өлімін тіркеді. – Бұл кеңестік тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі бар. Егер сіз есікті итерсеңіз, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартып алғанша тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес, – деп хабарлайды Полиция департаментінің өкілі Дариға Мәжитова. Сотқа дейінгі тергеу аясында баланың мәйітіне медициналық зерттеу тағайындалды. Аталған факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Полиция департаменті барлық ата-аналарға кішкентай балалар үшін өте қауіпті болуы мүмкін, көптеген саяжайлар мен жеке аулаларда тұрған ескі тоңазытқыштарға ерекше назар аударуды сұрайды.