Алматыда бейнебақылау жүйесіне адамның бет-әлпетін тану қызметі енгізіледі
Алматыда бейнебақылау жүйесіне адамның бет-әлпетін тану қызметі енгізіледі
648
оқылды
Алматының бейнебақылау жүйелеріне адамның бет-әлпетін тану жүйесі енгізіледі.
«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасында» күні бүгінге дейін бейнебақылаумен қамтылмаған әлеуметтік объектілерге 7 мың бейнебақылау камерасын орнату қарастырылған. «Жауапты және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап бейне талдау және бет-әлпетті тану функциясы барлық бейнебақылау жүйелеріне біріктіріледі»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Сондай-ақ 2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі террористік тұрғыдан осал нысандардың бәріне және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аулаларына камералар орнату арқылы кеңейтіледі.