Тұңғыш рет музыканттар 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Гиннесстің рекорд­тар кітабына енді
Тұңғыш рет музыканттар 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Гиннесстің рекорд­тар кітабына енді
©Айтжан Мұрзанов
245
оқылды
«Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында Қазақ­стан­ның Гиннесс рекорд­тар кітабына ену үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігі Мемлекеттік ака­демиялық филармо­ния­сының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарманы үзі­ліссіз орындады. Шараның мақсаты ­ – ұлттық өнер­ді насихаттау. Өнер кеші Алтын Орда­ның 750 жылдық мерей­тойына арналды.   «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы­ның құрамына қазақтың ха­лық аспаптарында (қобыз, қыл­қобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жеті­ген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және т.б.) ойнай­тын талантты өнерпаздардан құралған. [caption id="attachment_21798" align="alignnone" width="1200"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мұндай ауқымды шара жастарды дәс­түрлі ән өнеріне баулу ар­тис­тердің жеке музыкалық сти­лін қалыптастыруға ықпал етеді. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы Шол­пан Қор­ған­бектің авторлық өң­де­уінен өткен қазақ фольклорының жан­рлары, яғни күй, жыр, тер­мелерді орындады. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы шеберлігін үздіксіз арттыруға деген ұмтылысымен ерекше. [caption id="attachment_21800" align="alignnone" width="1200"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Айта кетейік, ұжым – айтулы республикалық және халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдардың жеңімпазы. Топтың ұжым­дық шығармашылығы «Ға­сыр­­­лар үні» II өңіраралық фо­льк­­­лорлық-этнографиялық фес­­­тивалі, «Шабыт» ХХ ха­лықа­ралық шығармашыл жастар фестивалі, сондай-ақ «Көне Тараз күмбірі» І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер фес­тивалінде жүлделі орын­дар­ды иеленген. Сондай-ақ Доха қаласында өткен Cultural Diver­sity халықаралық фести­ва­лі­не қатысып, өнерімен тәнті еткен.