АҚШ-тың Миссисипи штатында төтенше жағдай тәртібі енгізілді
АҚШ-тың Миссисипи штатында төтенше жағдай тәртібі енгізілді
© сурет интернеттен алынды
432
оқылды
АҚШ-тың Миссисипи штатында төтенше жағдай тәртібі енгізілді, - деп хабарлайды «Хабар 24». Оған нөсер жауын себеп. Соның салдарынан өңірді су басқан. Әсіресе штат астанасы Джэксон қаласындағы жағдай қиын болып тұр. Мұнда өзендегі су деңгейі 11 метрден асып кетіп, арнасынан тасыған. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1983 жылғы тасқын кезінде тіркелген екен. Жолдарды су басқан. Сондықтан тұрғындар қайықпен қатынауға мәжбүр. Шаһар қапталындағы бірнеше ауданда эвакуация жүргізіліп жатыр. Ал билік нөсер толастамаса, 3 жарым мыңнан аса ғимаратқа нұқсан келуі мүмкін деп отыр.