Рим Папасы съезде Абайдың мұрасы мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы айтты
Рим Папасы съезде Абайдың мұрасы мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы айтты
Пандемиядан кейін алғаш рет шетелге сапарға шыққан Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде сөз сөйледі. Рим католик шіркеуінің басшысы сөзін қазақтың ұлы ақыны Абайдың мұрасы мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы айтудан бастады.
«Абай артына діндарлықпен сусындаған, осы халықтың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді танытатын туындылар қалдырды», – деді ол.
Понтифик әлем тұрғындарын бейбітшілікке шақырды.
«Жүрегімізге күмән тудыратын, тарихи кітаптарды жоққа шығарып, дінге деген сенімсіздік ұялататын әңгімелерден бас тартатын уақыт келді. Мәселе дінде емес, қоғамдағы жарасымды өмір сүруге ықпал ететін дүниелерде... Бізге бейбітшілікке деген шөлді қандыру үшін дін керек», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Рим Папасы көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті.