Рим Папасы: Дін – үйлесімді қоғам құрудың алғышарты
Рим Папасы: Дін – үйлесімді қоғам құрудың алғышарты
Фото: t.me/bort_01
502
оқылды
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск қазіргі әлемдегі діннің маңызы мен қажеттілігі жайлы баяндама жасады. Ол өз сөзін қазақтың ұлы философы Абайдың ойларын мысалға келтіре отырып түсіндірді. Понтифик сөз басын съезді ұйымдастырушылар мен съезге қатысушыларға алғыс айтумен бастады. Сонымен қатар қазіргідей саяси, экономикалық және экологиялық тұрақсыздық орын алған әлемде діннің маңызы зор екенінен тоқталып өтті.
«Адам мәңгілік емес. Сондықтан біз экономикалық сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғана емес, рухани дүниені байытумен де айналысуымыз керек. Әлемдегі адамдарды рухани қасиеттер біріктірсе ғана әлемде бірлік орнайды. Бұл жайлы қазақтың ұлы ойшылы Абай да айтып кеткен. Абай, ең алдымен, адам болу қажет деген даналық бағытты ұстанды. Ұлы даланы мекендеген философ алдына қімнен келді және қайда баратыны жайлы сұрақ қойып, соның жауабын білуге ұмтылды. Соныдықтан да Абайды халықтың жан дүниесіндегі ең маңызды құндылықтарға мән берген ғұлама десе болады. Қоғамда діннің рөлі өте маңызды. Дін – ол үйлесімді қоғам құрудың алғышарты. Алдағы съезд отырыстарында біз қоғамдағы діннің рөлі туралы жан-жақты талқылайтын боламыз» – деді Рим Папасы өз баяндамасында.