"Қосымша қорғаныс элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC код салу да жатқызылды. Арнайы қорғаныс элементтерін нөмір белгісінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық жолмен алып тастау мүмкін емес және нөмір белгісінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс", – делінген баспасөз мәлімдемесінде.Ведомство мәліметінше, жаңа стандарттың қолданысқа енгізілуі автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау бағасына әсер етпейді, сонымен қатар бюджеттен қосымша шығын болмайды. Стандартты ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК-сі әзірлеп, Cауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты ҚазСтандартта сараптамадан өткен.
Қазақстанда көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылды

804
оқылды
оқылды