Түркістан облысында шопан 3 миллион теңгенің жемшөбін сатып жіберген
Түркістан облысында шопан 3 миллион теңгенің жемшөбін сатып жіберген
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
1,300
оқылды
Оқиға Түркістан облысы Төлеби ауданында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғыны қоймасынан 6 тонна бидай, 6 тонна арпа және 750 дана жоңышқа орамын жұмысшысы сатып жібергенін айтып арызданған. Жалпы, шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады.
«Жәбірленуші ауызша келісім арқылы мал бақтыруға жас жігітті жұмысқа алған. Содан оған мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Таңертең шаруашылыққа келгенінде қоймадағы жемшөптің ұрланғанын көрген. Аталған жайт ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін малшыны көлігімен таптап өткен кәсіпкер туралы жазған болатынбыз.