Атырауда заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Атырауда заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан азаматы ұсталды
461
оқылды
Арнайы операция кезінде ұсталған азаматтың деструктивті ағым өкілі екені анықталды. 36 жастағы азаматтың Атырау қаласындағы тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде жауынгерлік патрондар тәркіленді. Күдікті 36 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы. Оның оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны белгісіз. – Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда, – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова