Шығыс Қазақстанда 20 жастағы қыз 7 адамға 7 миллионнан астам кредит рәсімдеген
Шығыс Қазақстанда 20 жастағы қыз 7 адамға 7 миллионнан астам кредит рәсімдеген
Фото: kanevskaya.bezformata.com
584
оқылды
Шығыс Қазақстанда 7 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Зайсан ауданының тұрғындары алаяқтың арбауына түскен. Екі тұрғын 2 270 000 теңге тауарлық несие рәсімдеген танысының әрекетіне шағымданған. Осы іске қатысты полицейлер Зайсан қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұдан бөлек, тағы 5 адам алданғанын да анықтады. Жалпы, шығын көлемі – 7 370 000 теңге. Күдікті бойжеткен өз кінәсін толық мойындады. Қолхатпен бостандықта жүр. ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.