Кентау қаласында пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысы қайтыс болды
Кентау қаласында пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысы қайтыс болды
Фото: polisia.kz
539
оқылды
Түркістан облысы Кентау қаласында оқушылар төбелескен. Polisia.kz-тің мәліметінше, Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжал кезінде оқушы қайтыс болды. Түркістан облысы ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған баланың 10-сынып оқушысы екені белгілі болды. Түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғынын ұстады. Қазір  ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.