“Біз, VII съезге қатысушылар – Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары әділ, бейбіт, қауіпсіз әрі гүлденген әлем құру жайлы ортақ тілегімізді басшылыққа ала отырып, ортақ ұстанымға келдік”, – деді сөз басында Доркинг епископы Джон Бэйли Уэллс.
Декларация мәтінінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бейбітшілік пен діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы игі диалог үшін тұрақты қызметін жалғастыруға бар күш-жігерін салатыны айтылды.Сондай-ақ рухани көщбасшылар пандемияның жағымсыз салдарын тек бірлесе отырып жеңуге және сол жолда өзара қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2025 жылға жоспарланған VIII съезі де Қазақстанда өтетін болды.