Парламент отырысында елорда атауын ауыстыру, Президентті 7 жылға сайлау мәселесін талқылап жатыр
Парламент отырысында елорда атауын ауыстыру, Президентті 7 жылға сайлау мәселесін талқылап жатыр
Фото: yandex.kz
406
оқылды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, депутаттар, Конституциялық кеңес пен Жоғарғы сот төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік ұйым басшылары, Мәжіліс пен Сенат депутаттары қатысты. Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Сондай-ақ Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астана атауын өзгерту, Президентті бір-ақ рет 7 жылға сайлау мәселесі талқыланып жатыр.
«Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар талқылап жатыр. Сол себепті, қоғамдық пікірді ескеріп, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды», – деді Әділет министрі.
Сондай-ақ депутаттар Президентті бір-ақ рет 7 жылға сайлау арқылы Мемлекет басшысы реформаны өзінен бастап отырғанын да тілге тиек етті.