Алаяқтар қайтыс болған алматылықтың шотынан 1 миллиард теңге алу үшін сотқа шағымданып, жеңіп шыққан
Алаяқтар қайтыс болған алматылықтың шотынан 1 миллиард теңге алу үшін сотқа шағымданып, жеңіп шыққан
© tengrinews.kz
1,703
оқылды
Екі алаяқ қайтыс болған Алматы тұрғынының шотынан 1 миллиард теңге алмақ болған, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасы.  Қадағалау органының мәліметінше, ер адам мен әйел қайтыс болған алматылық өздеріне қарыз екенін айтып, сотқа шағым түсірген. Олар жалған құжаттармен сотта жеңіп шыққан.  Жеке сот орындаушысының өкімі нәтижесінде банк ақша қаражатын өндіріп алушыға аудару мақсатында сот орындаушысының шотына түсірген.
"Алаяқтардың қылмыстық әрекеттерін соңына жеткізуге жол бермеген жәбірленушінің жұбайы дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінді. Алайда іс жүзінде жәбірленушіде ешқандай қарыз міндеттемесі болмағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде кінәлі тұлғалар әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.