«Бүгінде «Электр энергиясы нарығы» аясында салаға салынған инвестицияны қайтару үшін бөлінетін қаражат көлеміне шектеу бар, 32 миллиард теңге белгілеген. Алайда оны 100 миллиард теңгеге дейін арттыру қажет. Өйткені электр энергиясы тарифтерін тежеу бойынша қолданыстағы саясат инфляцияның өсуін толық есепке алмаған. Сонымен қатар бұл саланың инвестициялық тартымдылығын ұмытпау керек. Бұл тәсілді қайта қарау қажет, – дейді Жандос Демесінұлы.Жылыту маусымына дайындықты талдау нәтижесі бойынша Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының жылыту маусымына дайындығын әлі де назарда ұстау керегі анықталды. Отырысты Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы Дүйсенбай Тұрғанов жүргізді. Талқылауға «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, «Энергоинвест ЛТД» ЖШС өкілі Анатолий Шкарупа, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Серік Тютебаев, KEGOC АҚ басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев, QCC ЖШС басқарушы директоры Жақып Хайрушев, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» АҚ төрағасы Талғат Темірханов қатысты.
Инвестицияны көбейту қажет

242
оқылды
оқылды