Асқаровтың асқар биігі
Асқаровтың асқар биігі
963
оқылды
Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шымкенттегі әл-Фараби алаңында тау тұлғаны еске алу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, бір топ зиялы қауым мен жергілікті халық және БАҚ өкілдері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қала әкімі Мұрат Дүй­сен­бекұлы қазан айында Асанбай Асқаровтың мұрасы мен оның тарихи тұлғасын тануға арналған республикалық конференция өтетінін жеткізіп, қоғам қай­раткерінің Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесін еске түсірді.
«Асанбай Асқаров бас­шылық еткен жылдары Шым­кент қаласы көркейе түсті. Шаһардың экономикасы мен өнеркәсібі дамып, жаңадан көп­қабатты тұрғын үйлер көптеп салынды. Қаламыздағы дендро­саябақ, хайуанаттар бағы мен өзге де мәдениет және спорт нысандары бой көтерді. Бүгінде Шымкентте Асанбай Асқа­ров­тың ескерткіші, ол кісінің атындағы көше, орта мектеп және мұражай бар. Осы­дан екі жыл бұрын Шымкенттегі ден­дросаябаққа Асанбай Асқа­ров­тың есімі берілді. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың қаламынан туған «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасы 2017 жылдан бері Шанин атындағы қалалық драма театрында қойы­луда», – деп атап өтті ол.
Ал зиялы қауым өкілдері «Қайраткердің өнегелі өмірі, елге деген сүйіспеншілігі, қара­пайымдылығы мен адалдығы бүгінгі жастарға үлгі болып, олар­дың жадында жаңғырып тұруы тиіс» дегенді тілге тиек етті. еске алу Асанбай Асқаров Осылайша, ұрпақтар сабақ­тастығы жалғасып, Асқаровтың дара тұлғасы туған халқымен бірге мәңгі жасай бермек.

Шымкент қаласы