Генаның салмағы Канелодан ауыр - боксшылар таразыға тартылды
Генаның салмағы Канелодан ауыр - боксшылар таразыға тартылды
659
оқылды
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Лас-Вегастағы трилогия алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Орташа салмақ шегі – 168 фунт (76,2 келі). Қазақстандық таразыда 167,8 фунт (76,11 келі), ал оның Мексикадан келген қарсыласы 167,4 (75,93 келі) салмақ көрсетті. Ел аузында Головкиннің қарсыласынан салмағы ауыр екені талқылануда.