"Жастар рухы" Жастар қанатының белсенділері ертең өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің арнайы көрсетілімін ұйымдастырады. Бұл туралы ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
"Ертең әлемдік ареналарда еліміздің көк байрағын халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген халық чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жегі өтеді.
Рухтастар, сіздерді отандасымызға бірге жанкүйер болып, жекпе-жектің арнайы көрсетіліміне шақырамыз!
18.09.2022, сағат 07.00
EXPO алаңы, Мәңгілік ел, 53/1
Сіздер үшін арнайы бағдарлама және ыстық шай ұсынылады!" – деп жазды жастар.