Жылқы тізгіндеген топ Түркістанға жол тартты - Ерлан Қошанов
Жылқы тізгіндеген топ Түркістанға жол тартты - Ерлан Қошанов
802
оқылды
Бүгін елордалық «Қазанат» ипподромында «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен «Ұлы Дала жорығы» тұңғыш республикалық марафон-бәйгесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздарға арнайы құттықтау жолдап, сәт сапар тіледі. Бұл туралы партия Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 
«Қазақ пен жылқы – егіз ұғым. Арғымақ атты халқымыздың символы деуге болады. Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі бәйгенің басты мақсаты – осы. Бұл – нағыз азаматтар мен қазанаттар сыналатын дода. Сондай-ақ  елімізге рухани серпіліс әкеліп, жастарды отаншылдыққа баулитын бірегей жоба. Аламан бәйге ұлтымыздың рухын асқақтатып, мерейін асыра түседі деп сенемін», – делінген Президент құттықтауында.  width=
Партия Төрағасының сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарихымызды зерттеп, рухани құндылықтарды дәріптеуге әрдайым ерекше мән беруде. Бүгінгі аламан жарыс – соның айқын дәлелі.
"Бұл марафонның маңызы – халқымыздың мыңжылдықтарға созылған тарихы мен төл мәдениетін жаңғыртуында. Осы идеяны ұсынып, марафон-бәйгені өткізуге қолдау білдіргендегі мақсат – елімізді Ұлы Даланы мекен еткен көшпенділер өркениетінің мұрагері ретінде таныту болатын. Бұған қоса, Қазақстанның бай тарихы мен руханиятын зерделеу, сұлу табиғатын сақтауға шақыру, Ұлы Даланың тарихи-мәдени ескерткіштерін Қытайдағы Ұлы Қытай қорғаны, Египеттегі Мысыр пирамидалары, Италиядағы Рим колизейі, Ұлыбританиядағы Стоунхендж ескерткіші секілді танымал туристік орталықтарға айналдыру", – деді Е.Қошанов.  width=
Жарысқа қатысушылар 1 200 шақырым жүріп, киелі Түркістанға ат басын тірейді. Күн сайын 100 шақырым жолды еңсеретін шабандоздар көшпенді ата-бабамыздың қайраты мен қайсарлығын көрсетуге дайын.
"Қиындыққа мойымайтын осындай айбатты азаматтар барда еңсеміз биік, мерейіміз үстем! Бұл марафон-бәйге елімізді ат спорты мен туризмінің отаны ретінде танытып, туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық спортқа тың серпін беріп, оны әлемдік деңгейдегі мемлекеттік бренд ретінде қалыптастыруға жол ашады деп сенемін.  width= Ертең «Ұлы Дала жорығына» аттанатын шабандоздарға оң сапар тілеймін! Халқымыз айтпақшы, ат бәйгелі болсын!" – делінген мәжілісменнің парақшасында.  width=  width=  width=