Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы
2022 жылғы 17 қыркүйек
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 қыркүйек
№1017" делінген құжатта.