КамАЗ-дың мас жүргізушісі екі көлікті қағып кетті
КамАЗ-дың мас жүргізушісі екі көлікті қағып кетті
616
оқылды
Жетісу облысында мас жүргізуші екі көлікті қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Балпық би ауылында тіркелді, 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні болған. КамАЗ көлігі Опель Вектра және Тойота Камриді қағып кеткен. Екі адам ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта Көксу ауданының ауруханасына жатқызылды. Анықталғандай, көлік оқиғасына кінәлі 31 жастағы КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі болып шықты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Ер адам ұсталып, Көксу ауданының полиция бөліміне жеткізілді.