Жабайы бұлан жолға шығып кетіп, екі көлікпен соғысты (видео)

Жабайы бұлан жолға шығып кетіп, екі көлікпен соғысты (видео)

Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тасжолға шығып кетуінен бірден екі жол апаты орын алды. 38 жастағы жүргізуші зардап шекті, - деп жазды POLISIA.KZ Телеграм-арнасы. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Полицейлер анықтағандай, жабайы бұлан республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолына шығып кеткен. Салдарынан бірден екі автокөлікке механикалық зақым келген, ал олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды. Апат 18 қыркүйек күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Қазіргі уақытта Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтаушылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от kokshetautoday (@kokshetautoday)