Головкин қарсыласына 521 соққы жасап, 5 раунд бойы басым түскен
Головкин қарсыласына 521 соққы жасап, 5 раунд бойы басым түскен
4,661
оқылды
Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин – Алварес трилогиясының статистикасын жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. CompuBox-тың статистикасына сәйкес, Головкин 12 раундта 521 соққы жасап, оның 120-ін дәл тигізген (23%). Ал Альварес 487 жұдырық сілтеп, оның 130-ын дәл тигізген (26,7%). Джеб (Jab) соққысы арқылы танымал отандасымыз әлі де басым екенін көрсетті. 12 раундта Головкин қарсыласқа 350 джеб сілтеп, 74-ін дәл тигізген (21.1%). Альварес 270 джеб соққысын жасап, 45-ін тигізген (16,7%).  width= Ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына небәрі 171 ауыр соққы жасап, 46-сын дарытқан (26.9%). Ал «Канело» 217 ауыр соққы бағыттап, 85-ін дәл тигізген (39.2%). Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 6 раундта басым болғанымен, дәлдік жағынан қарсыласына жол берді. Сонымен қатар boxingscene үш төрешінің ресми ұпай карталарын жариялады.  width= Үш жекпе-жекте төрешілік еткен Дэйв Моретти 116:112 ұпай беріп, Головкин 4 раунд басым болды деп санайды. Ал Стив Вайсфельд және Дэвид Сузерленд 115:113 ұпаймен, қазақстандық боксшы 5 раундта жеңіске жетті деп есептейді.