Дүйсенбі күні еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде топырақтың беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде түнде топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнауы ықтимал. Облыстың батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.
Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста 25 м/с жетеді.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.