Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
513
оқылды
Дүйсенбі күні еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде топырақтың беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде түнде топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнауы ықтимал. Облыстың батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус үсік жүреді. Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста 25 м/с жетеді. Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.