Елімізде көмір экспортына тыйым салынды
Елімізде көмір экспортына тыйым салынды
Фото: ашық дереккөз
536
оқылды
Қазақстанда көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Министрлік 14 қыркүйектегі №514 бұйрықпен  автомобиль көлігімен көмір экспортына шектеу қойған. «Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр», – деп жазылған хабарламада. Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын жою.