Алматыда Mudarabaһ Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Қалалық соттың мәліметінше, қамау мерзімі 17 қазанға дейін ұзарды.
«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Мейіржан Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды» делінген ресми хабарламада.
Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.