Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады
Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады
Фото: kapital.kz
772
оқылды
Ертең, 20 қыркүйек күні Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталады. Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.  Дереккөзге сүйенсек, сот отырысы ашық болады және оған онлайн-трансляция арқылы БАҚ өкілдері сотқа қатыса алады.
«Ресми мәлімет бойынша іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15-де, онлайн режимде басталады», – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді. Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.