"Канелодан" жеңілген Головкиннің келесі міндетті қарсыласы кім екені белгілі болды
"Канелодан" жеңілген Головкиннің келесі міндетті қарсыласы кім екені белгілі болды
© korrespondent.net
2,516
оқылды
Өткен демалыста Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 KO) екінші орта салмақта абсолют чемпион атағын қорғап, Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 KO) төрешілер шешімімен жеңді, – деп хабарлады vesti.kz. Бұл жеңілісіне қарамастан Головкин орта дивизионда WBA Super және IBF чемпионы. vRINGe.com мәліметінше, енді 40 жастағы қазақстандық таңдау жасау керек. Головкин WBA World титулына ие 39 жастағы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы жекпе-жекте WBA Super белбеуін қорғау немесе босатуы туралы шешім қабылдауға бес күн уақыты бар. "Канеломен" трилогия Головкин үшін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы және DAZN платформасымен келісімшарт бойынша соңғы айқасы еді. Лараның ісін Эл Хэймонның Premier Boxing Champions компаниясы жүргізеді. Енді қазақстандық боксшы РВС жобасына қосылуы ықтимал, ал онда WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) да бар екенін айта кетейік.