Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
505
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тә­жікстан Президенті Эмо­мали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмо­мали Рахмонға және тәжік хал­қына барша қазақстандық­тардың және жеке өзінің атынан тәжік-қырғыз шекарасында бол­ған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына бай­ланысты көңіл айтты.
– Біз бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жол­мен және саяси дипло­матиялық әдіс­термен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зар­дап шеккендердің тезірек сауы­ғып кетуіне тілектестік білдірді.