Қазақстан-Аустрия әуеқатынасын қалпына келтіру маңызды - Тоқаев
Қазақстан-Аустрия әуеқатынасын қалпына келтіру маңызды - Тоқаев
815
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөз жүргізді, – деп хабарлайды БОРТ №1 Telegram арнасы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты келіссөздер бағдарламасын БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Аустрия президенті Александр Ван дер Белленмен болған кездесуі ашты. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан-Аустрия ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады. Тараптар саяси диалогті одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуеқатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және инфрақұрылым салаларында аустриялық технологияларды трансферттеуге қызығушылық білдірді. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.