«Алматы – Петропавл» бағытындағы пойызды орта жолда шұғыл тоқтатты
«Алматы – Петропавл» бағытындағы пойызды орта жолда шұғыл тоқтатты
Фото: ernur.kz
480
оқылды
Бүгін техникалық себептерге байланысты «Астана-Петропавл» учаскесінде №105 «Алматы – Петропавл» пойызы орта жолда тоқтап қалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Кеше сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған, техникалық вагонның ақауына байланысты аялдауға мәжбүр болған. Пойыздағы жолаушының сыйымдылығы – 53%. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес, жолаушыларды межелі орындарына жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатыр. «Алматы-2-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №3 пойызға Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясына дейін, одан әрі Петропавл станциясына дейін жолаушыларды ауыстырып отырғызу жоспарлануда. Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрды.