Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы өртенді – видео
Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы өртенді – видео
Фото: видеодан скриншот
3,453
оқылды
Бүгін Алматы – Петропавл жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына вагонның өртенуі себеп болды. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, өрт техникалық вагоннан шыққан. Жолаушылар отқа оранған техникалық вагонды видеоға түсіріп алған. «Алматы – Петропавл» – бұл жолаушылар пойызы. Мұнда жолаушылар вагонынан бөлек, техникалық вагон болады. Өрт сол техникалық вагоннан шықты» делінген ресми хабарламада. Пойыздағы 184 жолаушы баратын жеріне басқа пойызбен жеткізіледі.   Бұған дейін бүгін таңертең «Алматы – Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтағанын жазған болатынбыз.