Жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көбейе ме?
Жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көбейе ме?
Фото: ТЖМ-нен алынды
421
оқылды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, 2023 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы көбеюі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Министрдің айтуынша, қазір өрт сөндірушілер 109 мың теңге жалақы алады.
«Президент тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, айлықты 40 пайызға көтеру мәселесін нақтылап жатырмыз. Егер іске асса, келесі жылдан бастап қызметкерлеріміздің жалақысы көбейеді», – деді министр Юрий Ильин.
Бұған дейін Президент Қостанай облысында орман өртенген кезде өрт сөндірушілердің әлеуметтік мәселесін шешуді тапсырған болатын.