Путиннің жарлығы: Ресейде ішінара мобилизация жарияланды (видео)
Путиннің жарлығы: Ресейде ішінара мобилизация жарияланды (видео)
Фото: ntv.ru
1,042
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
«Ресей Федерациясында ішінара мобилизация туралы ұсынысты қолдау қажет деп санаймын. Әскери қызметке тек резервте тұрған азаматтар, ең алдымен, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, әскери салада тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады», – деді Ресей президенті.
Ол бұл шешімді Ресейдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында қабылдаған.   https://youtu.be/_C_ux2tOBN4 Ішінара мобилизация бүгін басталады. Жарлық туралы ресми хаттар Федерация кеңесі мен Мемлекеттік Думаға жіберіледі.