Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу күнін белгіледі
Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізу күнін белгіледі
© tengrinews.kz
976
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау күнін белгіледі.  Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өткізіледі. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Үкімет кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етіп, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету жүктелді. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.