Түркістан облысында жылқышы бөтеннің 12 жылқысын сатып жіберген
Түркістан облысында жылқышы бөтеннің 12 жылқысын сатып жіберген
2,879
оқылды
Түркістан облысында жылқышы 1 үйір жылқыны сатып жіберген. Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Танысына 12 бас жылқысын сеніп тапсырған жергілікті тұрғын 4 млн теңге көлемінде шығынға батты. Жылқышы сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажетіне жаратып жіберген. «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.