Елордада ер адам мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен
Елордада ер адам мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен
204
оқылды
Елорда тұрғыны мас күйде біреудің көлігін айдап кетіп, бір күнде екі рет жол-көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Елорда тұрғыны сағат 12.52-де «102» каналына Б.Момышұлы даңғылындағы тұрғын үй кіреберісінің жанынан Gelandewagen G500 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлаған. Шағым түсірген азаматша күндізгі уақытта көлікті оталдыру үшін сыртқа шығып, есігін құлыптамай 20 минутқа қалдырып, орнына қайта келген кезде көліктің жоқтығын көріп, полицияға жүгінген. Алматы ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 200-бабына сәйкес (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жеке құрам аталған қылмыскерді ұстауға бағытталған. Бейнебақылау камераларын зерттеу барысында полицейлер белгісіз ер адам үйдің ауласындағы орындықта отырғанын және көлікті оталған күйде қалдырып, үйіне кіріп бара жатқан әйелді бақылағанын анықтады.