«Шашымның жағдайы осылай» – Айгүл Иманбаеваның видеосы елді дүрліктірді
«Шашымның жағдайы осылай» – Айгүл Иманбаеваның видеосы елді дүрліктірді
11,199
оқылды
Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева шашын тақырлап алып тастады. Ол осындай видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салды. "Мыналардың барлығы менің шашымды алып тастап, өздері рақаттанып жүр", – дейді ол.
Әнші видеоның астына "Шашымның жағдайы осылай болды, қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?" деп жазды.
Шындығында, бұл әлдебір түсірілімге байланысты жасалған сыңайлы. Десе де, актрисаның әрекетін дұрыс түсінбей, бұған наразылығын білдірген оқырмандары да бар. "Неге? Аман-саусыз ба?", "Биттеп кетті ме?", "Қартайғанда, жын ұрды ма мына қатынды?", "Тым жаман көрінеді, Айгүл! Құрсыншы, жаман ауруға ұшыраған адам құсамай" деп алаңдаушылық білдірген желі қолданушылары.