Парламент 25 қазанды Республика күні деп бекітті
Парламент 25 қазанды Республика күні деп бекітті
Фото: senate.parlam.kz
777
оқылды
Бұдан былай Қазақстанда 25 қазан – Республика күні! Бұл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға мынадай өзгерістер енгізу жоспарланған:
  1. 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу;
  2. 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып бекітілсін.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, 25 қазанды Республика күні ұлттық мереке ретінде бекіту – тарихи және өте маңызды шешім. Бұған дейін мемлекеттік мерекелерге енгізілген өзгерістер туралы жазған болатынбыз.