Президент сайлауы: кандидаттарға қандай талаптар қойылады?
Президент сайлауы: кандидаттарға қандай талаптар қойылады?
Фото: twitter.com
349
оқылды
Ертең Қазақстанда Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну басталады. Кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болуы; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы; Жоғары білімінің болуы; Жасы 40-қа толған болуы; Белсенді сайлау құқығының болуы; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі. «Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.