Ертең Қазақстанда Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну басталады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
Жоғары білімінің болуы;
Жасы 40-қа толған болуы;
Белсенді сайлау құқығының болуы;
Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
«Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.