Науқас балалардың жағдайы бақылауда
Науқас балалардың жағдайы бақылауда
250
оқылды
Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Ке­дер­гісіз келешек» жобасы аясында бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Оған Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық фи­лиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Джайлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Т.Телебаев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасынан К.Ахметжанова, №1 Ақтау қа­лалық емханасының дәрігері К.Сүйесінова, Ақшұқыр дә­рі­гер­лік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Ф.Қойшығұлова, «Ясин» емханасының дәрігері А.Көптілеуова қатысты. Қабылдауға жалпы саны 12 адам жазылды. Қатысушылар негізінен материалдық көмек көрсетуді және дәрі-дәрмекпен жәрдемдесуді сұрады. Мәселен, Қ.Қайыпназарова мен Ж.Берді­баева балаларының ден­саулық жағдайына байланысты оларға квота беруін талап етті. Бұл мә­селелер бойынша азаматша Қ.Қайыпназарованың мәселесі оң шешімін тауып, квота бері­летін болды. Ал Ж.Бердібаева ма­териалдық көмек алу үшін 28 ақ­­панда өтетін Nur Otan пар­тиясы об­лыстық мәслихаттағы депу­таттық фракция мүшесі А.Кете­баевтың қабылдауына жазылды. Көмекке зәру тұрғындардың бірі М.Сақтағанова ұлына ауыр диагноз қойылғанын, ол бүгінде жансақтау бөлімінде жасанды жолмен тыныс алып жатқанын айтты. Азамат ұлын Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларына апарып ота жасатуға көмек сұрады. Бұл мәселе бойынша М.Джайлыбаев пен Т.Телебаев Маң­ғыстау облыстық ауруханасына барып, нәрестеге қажетті көмектің көрсетілуін қамтамасыз ететінін айтты. Өз кезегінде Жаңаөзен қала­сы­­ның тұрғыны А.Қияшова 2011 жы­лы туған баласы Әлімжан Дамирге көмек қажет екенін жеткізді. Ұлы­ның диагнозы «Ювенил­ді идио­патиялық артрит» болғандықтан, дәрі-дәрмегіне ауқымды қара­жат керек. Айына алатын бір ек­песінің өзі 1 миллион 200 мың­ды құрайды. Сирек кездесетін ауру болғандықтан, емге қажетті екпелер тегін дәрілер қатарына жатпайды. Осы мәселе бойынша былтыр облыс әкімінің көмегімен 1 айға екпесі алынған. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері тағайындаған жаңа екпеге 3 мил­лион теңге қажет. Азаматтың мәсе­лесі ерекше бақылауға алынатын болды. Іс-шара соңында қабылдауға келген азаматтардың барлығына жауап беріліп, тұрғындардың мә­селесі шешілгенше олар партия­ның ерекше бақылауында болатыны айтылды.   Абылайхан ЖҰМАШ