Көкшетаулық жігіт көлік астына әдейі түскен

Көкшетаулық жігіт көлік астына әдейі түскен
© azattyq-ruhy.kz

Көкшетауда жігіт әдейі көлік астына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйекте сағат 06.52-де Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем стансасының қызметкерлерінен “ЖБМЖ, СММ, бас терісінің көгерген-жыртылған жарақаты, суицидтік әрекет” диагнозымен облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Сағат 06.00 шамасында жас жігіт бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүріп келе жатқан KIA автокөлігінің алдына жүгіріп шыққан.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.