Донорға зәру науқас көп
Донорға зәру науқас көп
585
оқылды
Елімізде орган ауыстыруға мұқтаж жандар саны артып барады. Деректерге сүйен­сек, бүгінде бұл тізімде 3 566 пациент тұр. Өкінішке қарай, олардың көбі трансплантация күніне жетпестен көз жұмады. Мамандар бұл мәселені ең алдымен донорлық органдардың жетіспеушілігімен байланыстырып отыр.
«Мұндай проблема халықтың трансплантология саласының қаншалықты маңызды екендігінен толыққанды хабар еместігінен болады. Қиыншылық­тарға қарамастан, елімізде бұл сала белсенді түрде дамып келеді. Бұрын емі жоқ деген пациенттер жаңа өмірге жолдама алып, сапалы ем-дом ала алады. Былтыр Қазақстанда 120 донорлық орган ауыстыру операциясы жасалды. Олардың 113-і – тірі адамдардың, 7-сі қайтыс болған жандардың донорлығы», – деп атап өтті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя.
Айта кетерлігі, Қазақстанда алғашқы трансплантация 10 жыл бұрын жүрекке жасалған.

Азат ҚАЗАҚ