Атырауда қонақүй өртеніп жатыр
Атырауда қонақүй өртеніп жатыр
640
оқылды
Өрт "Zodiac Hotel Atyrau" қонақүйінен шығып жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері, техниканың 3 бірлігі жұмылдырылып отыр. Өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетелік, «Zodiac Hotel Atyrau» қонақ үйі Атырау қаласы, Абай көшесі, №2 мекенжайында орналасқан. Үш қабатты нысаннан өрт шыққаны туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14:58-де түсті.

Баян Жанұзақова