Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері қар жаууы мүмкін
Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері қар жаууы мүмкін
453
оқылды
Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жаууы мүмкін. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ақтау қаласында түнде 25 қыркүйекте найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан екпіні – 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с. Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші – облыстың батысында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал. 25-26 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында жоғары өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с. Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіптілігі сақталады. 26 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың солтүстігінде бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 5-10 градусқа дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді. 27 қыркүйекте Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді. 28 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аязға дейін, күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді. 28 қыркүйекте Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендейді.