Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
812
оқылды
Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, сегізі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні Қызылорда облысының Шиелі ауданында ауыл арасындағы жолда болды. Оқиғаға ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.